Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Трансферттiк баға белгiлеу туралы

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
9-бап. Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу



Ст. 9 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV



1. Уәкілетті органдар мынадай жағдайларда:

1) мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуы анықталған кезде;

2) мемлекеттік органдардан алынған трансферттік бағаларды қолдану фактілері туралы ақпарат негізінде;

3) нарықтық бағалар бойынша ақпарат көздері болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органдар жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу кезінде трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді.

2. Трансферттік бағаларды қолдану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексеруді және мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.

 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 10-1 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV