Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
7-1-бап. Аралық келісім және құзыретті сотта даудың мәні бойынша қуыным беру



Ст. 7-1 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Аралық сотта талқылау нысанасы бойынша қуыным берілген құзыретті сот, егер тараптардың кез келгені даудың мәні бойынша өзінің алғашқы өтінішін беруден кешіктірмей бұл туралы өтініш білдірсе, егер аралық келісімді жарамсыз, күші жойылған немесе орындала алмайды деп таппаса, тараптарды аралық сотқа жіберуге тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қуынымды құзыретті сотқа беру, құзыретті сот аралық сотта талқылау нысанасының өзінде қаралуға жататындығы туралы мәселені қарағанша, басталуы немесе жалғастырылуы және аралық шешім шығарылуы мүмкін аралық сотта талқылауды шектемейді.

 Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 N 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...6 7 7-1 8 9 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-1-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22