Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



 Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік туризм – жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын, туристік көрсетілетін қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін туризм түрі;

1-1) балалар-жасөспірімдер туризмі – серуендер, экспедициялар, сапарлар, экскурсиялар түрінде балалар мен жасөспірімдер тобына арналып жүзеге асырылатын туризм түрі;

2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-2) медициналық туризм – тұратын жерінің шегінен тыс жерде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алумен демалысты біріктіру көзделетін туризм түрі;

2-3) оқиғалы туризм – спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм түрі;

3) өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;

4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

5) туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

6) туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;

8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;

11) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;

12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

13) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);

14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;

15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;

16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

17) туристік маршрут - туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы;

18) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі - туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;

19) туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi қалыптастыру, оны туристiк агенттер мен туристерге ұсыну және өткiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен өткізу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi (бұдан әрі – туроператор);

20) туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;

21) туристік өнімді ұсыну - туристік қызмет көрсетуге бағытталған шаралар (жарнама, мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) кешені;

22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;

23) туристік нарық - туристік қызмет саласындағы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) мен ақша айналысы;

24) туристік сала - негізгі қызмет саласы туристік қызмет көрсету, туристік өнім жасау, оларды ішкі және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткізу болып табылатын экономика саласы;

25) туристің төтенше жағдайға ұшырауы - туристің саяхаттан оралмауы, сондай-ақ туристің қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат нәтижесінде туындаған, саяхат кезінде белгілі бір аумақта болған оқиға;

 25-1) туроператор-әуе кемесімен жалданушы – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және багажды тасымалдау үшін бір немесе бірнеше рейстерге бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемелерінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін экипажымен қоса оның пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесін жалдаушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан туроператор;

26) уәкілетті орган - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

27) экскурсант - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;

28) экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;

29) экскурсиялық қызмет - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;

30) экскурсовод - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсетуге сай біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211