Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
27-бап. Тiл - халықаралық қызметте



Ст. 27 Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151



Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары және Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.

Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзіледi.

 Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Статья 1 ...25-5 26 27 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151