Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
12-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану



Ст. 12 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердiң (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын мiндеттi талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленедi.

3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.06 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331