Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өсiмдiктердi қорғау туралы

Өсiмдiктердi қорғау туралы
18-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау



Ст. 18 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331



1. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.

Статья 1 ...16 17 18 19 19-1 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331