Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
13-бап. Құпия ақпарат



Ст. 13 Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы



1. Iс қараудың барысында уәкiлеттi органға берiлетiн құпия ақпарат мүдделi тұлғалардың жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс. 2. Құпия ақпарат берушi мүдделi тұлғалар осы ақпарат бойынша жазбаша түсiндiрмелер беруге тиiс.

Түсiндiрме ақпараттың мәнiн ұғыну үшiн жеткiлiктi мөлшерде егжейтегжейлi болуға не нелiктен егжей-тегжейлi, құпия емес ақпарат ұсыну мүмкiн болмағанының себептерiн түсiндiруге тиiс.

Уәкiлеттi орган мүдделi тұлға жария етудi және жалпы түрде ашуды қаламайтын ақпаратты, егер осы ақпарат ресми көздерден алынбаған жағдайда ғана, назарға алмауы мүмкiн. 3. Құпия ақпаратты, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының жеке мүдделерiнде пайдалануға, үшiншi тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттiк органдарға беруге болмайды.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.20 N 443 , 2005.06.16 N 59 Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы