Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 104 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу

1. Әйелдің жүктілікті жасанды түрде үзуге құқығы бар. 

Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және физиологиялық теріс салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті. 

2. Жүктілікті жасанды түрде үзу әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік көрсетілімдер бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің және (немесе) шарананың өміріне қатер төндіретін медициналық көрсетілімдер болған кезде (шарананың дамуы мен жай-күйінің өмірмен сыйыспайтын туа біткен кемістігі түзелмейтін монотектік генетикалық аурулар болған кезде) - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады. 

3. Кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі. 

4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке іріктеуді қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі. 

5. Жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді. 

18-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРҒА
МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

Статья 1 ...103 103‑1 104 105 106 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 104-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV