Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
140-бап. Биологиялық өлімді анықтау. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шараларды тоқтату жағдайлары



Ст. 140 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV



1. Биологиялық өлім өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауын білдіреді. 

2. Биологиялық өлімді медицина қызметкері мынадай белгілердің жиынтығы негізінде растайды: 

1) жүрек қызметінің тоқтауы; 

2) тыныс алудың тоқтауы; 

3) орталық жүйке жүйесі жұмысының тоқтауы. 

3. Өмірге дем беру жөніндегі жасанды шаралар тек қана: 

1) биологиялық өлім расталған; 

2) консилиум бас миының біржола семуін тіркеген кезде, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жақын туыстарының және (немесе) заңды өкілдерінің бірауызды жазбаша келісімі болған кезде тоқтатылуы мүмкін. 

Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...138‑1 139 140 141 142 ...186

Перейти к статье







Добавить комментарий к 140-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV