Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 35 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі

1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді. 

2. Ақылы медициналық қызметтер: 

1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдік қызметтер көрсету; 

2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу; 

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу; 

4) тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу; 

5) медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу; 

6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау; 

7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету; 

8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну; 

9) осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады. 

3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі. 

Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды: 

1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін; 

2) медициналық көмек көрсету мерзімдерін; 

3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін; 

4) тараптардың құқықтары мен міндеттерін; 

5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін; 

6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс. 

4. Ақылы қызметтер көрсетудің түрлері мен олардың баға прейскуранты мемлекеттік, жекеше медициналық ұйымдардағы және жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалардағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі. 

5. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің бағасы медициналық, сервистік қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығын түрлерін және өзге де қосымша шығыстарды ескере отырып айқындалады және ол жарты жылда бір реттен аспайтын жиілікпен қайта қаралуы мүмкін. 

6. Азаматтарға ақылы қызметтер көрсеткен кезде есепке алу және есеп құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады. 

7. Денсаулық сақтау ұйымы азаматтар өтініш жасаған кезден бастап оларға ақылы медициналық қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. 

8. Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
10-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Статья 1 ...34 34‑1 35 36 37 ...186

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV