Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару



Ст. 16 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық және станциялық жолдардағы қозғалысты диспетчерлік реттеуді қоса алғанда, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді, тасымалдаушылармен шарттар жасасады.

2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жiбермеуге мiндеттi.

Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті.

3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 15-1 16 17 17-1 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266