Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
18-бап. Темiржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер



Ст. 18 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушыларға өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темiржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.  

2. Темiржол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темiржолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға: 

1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темiржол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);  

2) кiрме жолдарға;  

3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темiржол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темiржол станцияларына;  

4) теміржолдардың бөлінген белдеулері мен қорғалатын аймақтарына; 

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне бөлінген жерлер жатады. 

3. Темiржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.  

4. Тасымал процесiне қатысушы өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темiржол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05. N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...17 17-1 18 19 20 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266