Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
4-бап. Темiржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы



Ст. 4 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Темiржол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

2-1. Халықаралық теміржол қатынасы кезінде құжаттарды ресімдеу халықаралық жолаушылар және жүк теміржол қатынастарында теміржол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес жүзеге асырылады. 

3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 5-1 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266