Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
66-бап. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерi



Ст. 66 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiнде:  

1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру;  

2) жолаушылар вагонының санаты, оның iшiнде жайлылық деңгейi бойынша санаты;  

3) жолаушыларға жолаушылар поездары мен вокзалдарда жедел медициналық көмек көрсетудi қоса алғанда, мiндеттi түрде көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;  

4) жолаушылардың жол жүру жағдайының өзгеру, поездарда төсекорын жабдықтарын беру және басқа қызметтер көрсету шарттары мен тәртiбi;  

5) жолаушының жол бойында аялдама жасауын (он күнге дейiн) ресiмдеудiң тәртiбi; 

6) қол жүгiн алып жүру тәртiбi мен шарттары;  

7) багажды, жүк-багажды қабылдаудың және берудiң талаптары мен тәртiбi;  

8) тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеудiң тәртiбi;  

9) тасымалдауға рұқсат етiлетiн жануарлардың тiзбесi, оларды тасымалдаудың тәртiбi мен талаптары;  

10) жол бойында багаж бен жүк-багажды берудiң тәртiбi;  

11) багаж бен жүк-багажды қайта жөнелтудiң тәртiбi мен талаптары;  

12) багаж бен жүк-багажды сақтау, ұстап қалу, беру тәртiбi;  

13) қауiптi заттарды тасымалдаудың тәртiбi; 

14) пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшiн төлемдердi қайтару тәртiбi; 

15) кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру ережелерi; 

15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртібі; 

16) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де жағдайлар белгiленедi.

Ескерту. 66-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...64 65 66 66-1 66-2 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266