Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
70-бап. Сақтаудың шектi мерзiмi аяқталуының салдары



Ст. 70 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Жолаушы, алушы тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша багажды, жүк-багажды алмаған жағдайда, тасымалдаушы оны баратын станцияда, келген күнiнен бастап - отыз күн бойы, ал кедендiк бақылаудағы багаж бен жүк-багажды он бес күн бойы сақтауға мiндеттi. 

2. Осы баптың 1-тармағында аталған сақтаудың шектi мерзiмi аяқталғаннан кейін, тасымалдаушы багаж бен жүк-багажды уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың) билiгiне бередi. Осы кезден бастап жолаушы, жөнелтушi, алушы оларға багаждың, жүк-багаждың құнын өтеу немесе оларды алу мәселелерi бойынша өтiнiш жасауға құқылы. 

3. Багаж, жүк-багаж (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) соттардың және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша сатылған жағдайда тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешімдерін орындауға құзыретті тұлғалардың атқарушылық іс-әрекеттерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары ретінде өтеледі.

 Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 70-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266