Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 103 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Тұрғын үй қатынастары туралы
103-бап. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушiнiң талап етуiмен осы Заңда белгiленген негiздер бойынша ғана бұзылуы мүмкiн. 

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негiздер бойынша жол берiледi. 

3. Мемлекеттiк тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берiлмейдi.  

Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Статья 1 ...101‑10 102 103 104 105 ...121

Перейти к статье






Добавить комментарий к 103-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94