Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй қатынастары туралы
119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты тұрғын үйдi бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi



Ст. 119-1 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе үй) берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын тұрғын үйдiң (пәтердің немесе үйдiң) пайдалы алаңынан аспауға тиiс.

Шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылған тұрғынжайлардың орнына жаңадан салынған тұрғын үйлерден бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.

Ескерту. 119-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.10 N 227 Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...118 119 119-1 119-2 120 121 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 119-1-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94