Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 95 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

Тұрғын үй қатынастары туралы
95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп танудың салдарынан шарттың өзгертiлуi

Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына оны жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесiне нақ осындай құқық берiледi.  

Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзгеруi тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресiмдеуге әкеп соғады.  

Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...93 94 95 96 97 ...121

Перейти к статье






Добавить комментарий к 95-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94