Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi



Ст. 9 Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200




Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:

1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;

4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...16 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200