Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 10 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы

1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай-ақ айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшiне енген кезге дейін кiнәсiз деп есептеледi. 

2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес. 

3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндар да оның пайдасына шешiлуге тиiс. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V