Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы



Ст. 177 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру, уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

11. Кредитордың және борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –  

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

13. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкiн оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сатуды жүзеге асыру – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

15. Осы баптың бiрiншi – он төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – 

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...175-1 176 177 178 179 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 177-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V