Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
285-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы



Ст. 285 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi:

1) мемлекеттік кіріс органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеушi – заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;

2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;

3) салық төлеушiнің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тапсырмасын, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдар өндіріп алу туралы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін – салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы;

4) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) мемлекеттік кіріс органдарының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде шығыс операцияларын сондай өкім бойынша тоқтата тұрмау;

5) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті, ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау;

6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;

7) жұмыс істемейтін салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы –

банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған, бюджетке төленетін салықтар сомаларын аудармауы немесе уақтылы аудармауы -

шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:

1) мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушi – заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ тұлғаға хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;

3) көлік құралына салықты төлеу үшін төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;

4) уәкілетті органның берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті мойындауды тоқтату кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны сыйақы есептеуді тоқтата тұру туралы есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей хабардар етпеуі;

РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;

6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;

7) мемлекеттік кіріс органын қарыз алушы салық төлеушіде міндеттемелерді есептен шығарудан табыс пайда болғаны туралы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етпеу;

РҚАО-ның ескертпесі!

8) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...283 284 285 286 287 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 285-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V