Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу

Ст. 427 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу – 

заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 

заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...425 426 427 428 429 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 427-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V