Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу



Ст. 445-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Лотерея операторының әрбір тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері, түбіртектері немесе өзге де құжаттары бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялау немесе лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі талаптарды орындамауы, сол сияқты жариялау немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы – 

қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген талаптарының бір данасын лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға жіберу және лотерея өткізудің талаптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру туралы талаптарды орындамауы, сол сияқты жіберу немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы – 

қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

3. Лотерея операторының таратылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, тіркелген лотерея мөлшерлемелері, өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинау, қалыптастыру, сақтау және есепке алу жөніндегі талаптарды бұзуы, сол сияқты оны уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы не анық емес ақпарат ұсынуы – 

қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

4. Лотерея операторының жүлде қорын қалыптастыру жөніндегі талаптарды бұзуы – 

қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 

қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 25-тарау 445-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 496-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...444 445 445-1 446 447 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 445-1-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V