Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру



Ст. 481 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену –

ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Статья 1 ...479 480 481 482 483 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 481-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V