Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу



Ст. 54 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:

1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;

2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;

3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;

4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.

2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету және қорғау үшiн сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.

3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.


Статья 1 ...53 53-1 54 55 56 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 54-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V