Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянды өтеу



Ст. 59 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Судья мүлiктiк зиян келтiрілген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай келiп, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы мәселенi шешкен кезде, егер мұндай зиянның мөлшерi туралы дау болмаса, оны бiр мезгiлде өндiрiп алады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген мүлiктiк зиянның мөлшерi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.

2. Өзге де уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мүлiктiк зиянды өтеу, кiнәлi тұлға оны өз еркiмен өтеуден бас тартқан жағдайда, азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жүргiзiледi.

3. Iскерлiк беделдi қорғау немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген негiздер бойынша азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қаралады.

Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 59-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V