Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 604 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
604-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу

1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу – 

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 604-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...602 603 604 605 606 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 604-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V