Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
621-бап. Көлiкпен қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу



Ст. 621 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Темiржол көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе қол жүгi нәрселерін тасымалдау қағидаларын бұзу – 

ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауiптi заттектермен немесе нәрселермен жасалатын операцияларды тиiстi құжаттарда тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзу немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тарту – 

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын бұзу – 

көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупi бар заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына тапсыру – 

үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...619 620 621 622 623 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 621-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V