Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар



Ст. 715 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Техникалық реттеу және өлшем бiртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418, 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы. 

Ескерту. 715-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...713 714 715 715-1 716 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 715-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V