Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары



Ст. 726 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V




1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы. 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 

4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға: 

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 

2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; 

3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы. 

Ескерту. 726-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...724 725 726 727 728 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 726-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V