Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
747-бап. Заңды тұлғаның өкiлдерi



Ст. 747 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады. 

2. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады, ол заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң өкiлеттiктерi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады. 

Заңды тұлғаның мүдделерiн бiлдiретiн өзге де адамдар тапсырма бойынша өкiлдер болып табылады, олардың өкiлеттiктерi заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретiн және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенiмхатта айқындалады. 

3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға және жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкіл болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады. 

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған, егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн. 

5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. 

6. Заңды тұлғаның өкiлi жүргiзуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға жүргiзуінде iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер (полиция), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары күштеп әкелуді қолдануы мүмкiн. 

Ескерту. 747-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...745 746 747 748 749 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 747-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V