Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
780-бап. Қосымша мәлiметтерді талап етіп алдыру



Ст. 780 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтерді талап етіп алдыру туралы ұйғарым шығаруға құқылы. 

2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтерді талап етіп алдыру туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға жатады. 

3. Талап етiлетін мәлiметтер талап алынған күннен бастап үш тәулік ішінде жiберiлуге тиiс. 

4. Көрсетілген мәлiметтердi ұсыну мүмкiн болмаған кезде ұйым, қоғамдық бiрлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамны) бұл туралы үш тәулік ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.

Статья 1 ...778 779 780 781 782 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 780-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V