Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 860 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы

1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулының, нұсқаманың күшін жояды не қайта қараудан бас тартады. 

2. Қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін. 

3. Қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды. 

Ескерту. 860-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

48-тарау. АҚТАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ
ҚАРАУҒА УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

Статья 1 ...858 859 860 861 862 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 860-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V