Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту

Ст. 888 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін. 

Ескерту. 888-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...886 887 888 889 890 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 888-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V