Ст. 917 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
917-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындауды жүзеге асыратын органдар
Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны мыналар орындайды: 1) осы Кодекстiң 510 (төртінші бөлігінде), 513 (екiншi бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516 (екінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi;
2) осы Кодекстiң 109, 449 (үшінші бөлігінде), 490 (үшінші, жетінші бөліктерінде), 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 510 (төртінші бөлігінде), 517 (екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде – iшкi iстер органдары.
Ескерту. 917-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Добавить комментарий к 917-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V