Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары



Ст. 3 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107



 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:

1) заңдылық;

2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;

3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;

6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;

7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;

9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;

10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;

11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.

12) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
2-тарау. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын
ұйымдастыру және бақылау тәртібі
 Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 5 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107