Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
27-бап. Дауларды шешу



Ст. 27 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV



1. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу жөніндегі органның теріс шешіміне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөніндегі комиссияға шағымдануға құқылы.

2. Апелляция жөніндегі комиссияны аккредиттеу жөніндегі органның басшысы құрады.

Апелляция жөніндегі комиссия құрамы оған уәкілетті орган жанында аккредиттелген қауымдастық (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің үш өкілін, уәкілетті органның үш өкілін және аккредиттеу жөніндегі органның бір өкілін жіберу арқылы жасақталады.

3. Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы және хатшысы оның мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.

Апелляция жөніндегі комиссияның төрағасы комиссия туралы ережені бекітеді, оның қызметіне басшылық жасайды, комиссияның отырысын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды.

4. Апелляция жөніндегі комиссия шағым түскен күннен бастап он  жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің негізділігі туралы қорытындыны аккредиттеу жөніндегі органның басшысына ұсынады.

5. Аккредиттеу жөніндегі орган басшысы апелляция жөніндегі комиссия қорытындысын қарау нәтижелері туралы шағым берген өтініш берушіге немесе аккредиттеу субъектісіне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.

6. Өтініш берушілер мен аккредиттеу субъектілері аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV