Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар



Ст. 1 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV




Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдар – қылмыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар;

2) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында аталған адамдар:

осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жүктi әйелдер;

осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қамалғанға және сотталғанға дейін асырауында жастарына қарамастан І және ІІ топтардағы мүгедек балалары болған әйелдер;

осы Заң қолданысқа енгiзілетін кезге кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ер адамдар;

3) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен I, II және III топтағы мүгедектер деп танылған адамдар;

4) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;

5) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында аталған адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

6) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында аталған адамдар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерінің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері.


Статья 1 2 3 ...10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV