Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төрелік туралы

Төрелік туралы
18-бап. Төрешінің өкілеттіктерін тоқтату



Ст. 18 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ




1. Төрешінің өкілеттіктері тараптардың келісімі бойынша осы Заңның 17-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ өз өкілеттіктерін дауды қарау бойынша белгіленген мерзім ішінде орындамаған немесе ауруы бойынша, қайтыс болуына не дауды қарау бойынша өз өкілеттіктерінен бас тартуына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздердің қайсыбіріне қатысты келіспеушілік болған жағдайда, кез келген тарап тұрақты жұмыс істейтін төрелік басшысына төрешінің өкілеттіктерін тоқтатуға қатысты шешім қабылдау туралы өтінішхатпен жүгінуі мүмкін. 

Төрешінің өкілеттіктерін тоқтатуға қатысты шешімнің күші жойылуға жатпайды. 

2. Төрелік құрамының өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда, қарауда жатқан дау бойынша іс жүргізу басқа төрелік құрамын сайлағанға (тағайындағанға) дейін тоқтатыла тұрады. 

3. Төрешінің өкілеттіктері нақты іс бойынша шешім күшіне енгеннен кейін немесе егер тараптар мұндай тоқтатуға қатысты уағдаласқан жағдайда тоқтатылады. Осы Заңның 50 және 51-баптарында көзделген жағдайларда төрешінің өкілеттіктері қайта басталады, ал бұдан соң аталған баптарда көзделген процестік әрекеттер жасалғаннан кейін тоқтатылады.


Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ