Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 2 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасының жария тәртібі – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген құқық тәртібінің негіздері;

2) сот – Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес бірінші саты бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы істерді қарауға уәкілетті Қазақстан Республикасы сот жүйесінің соты;

3) төрелік – нақты дауды қарау үшін арнайы құрылған төрелік немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік;

4) төрелік келісім – азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкін дауды төрелікте қарауға беру туралы тараптардың жазбаша келісімі;

5) төрелік регламенті – тұрақты жұмыс істейтін төреліктің қызметін ұйымдастыру тәртібі және төрелік талқылау қағидалары;

6) төрелік талқылау – дауды қарау процесі;

7) төрелік талқылаудың тараптары (бұдан әрі – тараптар) – араларында төрелік келісім жасалған талап қоюшы мен жауапкер;

8) төрелік шешім – төрелік шығарған шешім;

9) төреші – дауды шешу үшін тараптар сайлаған немесе осы Заңға және (немесе) тиісті төреліктің регламентіне сәйкес тағайындалған жеке тұлға;

10) іскерлік айналымның дағдылары – қандай да бір құжатта тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан қолданылатын құқыққа қайшы келмейтін, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңінен қолданылатын ұстаным қағидалары.

Статья 1 2 3 4 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ