Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
31-1-бап. Сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Тапсырысшы (меншiк иесi) және мердiгер (бас мердiгер) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторы сұратқан осы объект жөнiндегi жобалау және атқару техникалық құжаттамасын, сондай-ақ тиiстi жобалар бойынша сараптама қорытындысын ұсынады.  

3. Мыналарды: 

1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына; 

2) хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына; 

3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына; 

4) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне; 

5) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына; 

6) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне; 

7) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына; 

8) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылады. 

4. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары: 

1) ұлттық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы; 

2) жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы; 

3) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді). 

4-1. Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары: 

1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы; 

2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды (нұсқама береді). 

5. Сәулет-құрылыс бақылауының және қадағалауының мемлекеттiк органдарының немесе мемлекеттiк құрылыс инспекторларының нұсқамаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкін.  

6. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.  

8. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда айқындалады. 

9. Осы баптың 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптарды сақтауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылау арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары қамтамасыз етеді. 

10. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған немесе анықталған бұзушылықтар объектіде жойылмаған жағдайда, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына бұл жөнінде хабарлайды. 

Ескерту. 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...30 31 31‑1 31‑2 32 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться