Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi



Ст. 4 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы



1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi:

төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөнiндегi құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар;

адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi профилактикалық жұмыстар;

кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады.

Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге:

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу;

қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу;

халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу;

құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу;

құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткiзу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру;

төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөнiндегi мiндеттер жүктелуi мүмкiн. 2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...33 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы