Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Электр энергетикасы туралы
6-бап. Мемлекеттiк энергетикалық бақылау



Ст. 6 Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588




 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:

1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;

2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;

4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.

2-1. Жергілікті атқарушы органдар:

1) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;

2) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Осы Заңның 6-1-бабында көзделген тексерулерді қоспағанда, тексеру және мемлекеттік энергетикалық бақылаудың өзге нысандары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

5. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

6. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 188-IV Заңымен.

8. Электр энергетикасы объектiсiнiң басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшiн орындау мерзiмдерi мен орындалуына жауапты адамдар көрсетiлген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгiленген үлгiдегi нұсқама берiледi немесе акт жасалады, оның негізінде объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзірлейді, бұл мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылады.

9. Энергетикалық бақылау:

1) электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына;

2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуын;

3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оны өндiру, беру, тұтыну режимдерiн оңтайландыруға;

4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігіне жүргiзiледi.

10. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

1) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөнiндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

2) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiктерге бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушылардың жаппай шектелуіне, iрi энергетикалық жабдықтың бүлінуіне әкеп соққан электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы iрi технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебiн жүргiзедi;

3) энергетикалық сараптама жүргізуге және электр зертханаларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

4) электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады.

10-1. Жергілікті атқарушы органдар:

1) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;

2) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;

3) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын береді;

4) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен кіші станциялар салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар береді;

5) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізеді;

6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдар қарауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады.

11. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер  енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 № 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 394-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...5 5-1 6 6-1 7 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588