Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Ақпараттандыру туралы
13-бап. Оператор

1. Оператор: 

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 

2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады; 

3) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар; 

4) мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді; 

5) операторға бекітіліп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді; 

8) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8-1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және орналастыру үшін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

9) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне интеграциялауды және қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады; 

10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар; 

11) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады; 

12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

13-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді; 

15) "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 

16) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады; 

17) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады;"; 

18) заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық және консультациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

19) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Оператор өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. 

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 13‑1 13‑2 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться