Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ақпараттандыру туралы
43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы



Ст. 43 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері «электрондық үкіметтің» шлюзіне қосылмастан интеграциялануы мүмкін.

2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкімет» шлюзі арқылы интеграциясын уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде және тәртіппен қамтамасыз етуге міндетті.

3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен бөлек немесе мемлекеттік органның өзге ақпараттық жүйесімен бір мезгілде интеграциялаған жағдайда, қолжетімділік «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...67 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-бап Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ