Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7-5 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Ақпараттандыру туралы
7-5-бап. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы

1. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде: 

1) ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және профилактикасы жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 

2) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 

3) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілерінен келіп түскен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады; 

4) тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру субъектілеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті саланың (аяның) ақпараттандыру объектілеріндегі қауіпсіздік қатерлері, осалдық, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді; 

5) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығына белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы қызметін осы Заңның 7-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асыруға құқылы. 

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының қызметкерлері өз қызметі нәтижесінде алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

4. Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу бойынша ақпараттандыру объектісін пайдаланады, салалық ұйымдардың оған қосылу және оны пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды. 

Ескерту. 2-тарау 7-5-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7‑3 7‑4 7‑5 7‑6 7‑7 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться