Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Инвестициялық қорлар туралы
26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру



Ст. 26 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:  

1) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалардың немесе шығарған (берген) қаржы құралдары инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық мiндеттемелердi бұзған немесе орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi органның ұйғарымы бойынша;

2) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесiне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.  

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезiнде сонымен бiр мезгiлде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады.  

3. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейiн белгiсiз мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.  

4. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерiн және оларды жою жөнiндегi шараларды көрсете отырып, уәкiлеттi органға бұл туралы сол күнi жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күнi басқарушы компания уәкiлеттi органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнiнде хабардар етуге мiндеттi.  

5. Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделерiне сай келмесе, уәкiлеттi орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейiн пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы.  

6. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы компанияның немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе одан айырылғаны туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған күнге дейiн тоқтата тұруға мiндеттi.  

7. Басқарушы компания пайларды орналастыруды тоқтата тұру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, орналастыруды тоқтата тұру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар еткен жағдайда, пайларды орналастыруды белгілі бір кезеңге тоқтата тұру мүмкіндігін аралық және жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көздеуге құқылы.

  Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28  N 524-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576