Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Инвестициялық қорлар туралы

Инвестициялық қорлар туралы
45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа қойылатын талаптар



Ст. 45 Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576



1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, акционерлiк инвестициялық қор жарғысының, инвестициялық декларациясының, акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қоры ережелерiне сәйкес болуға тиiс.  

2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:  

1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қоры ережесiнiң тiркелген нөмiрi мен күнi;  

2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болатын орындар туралы (мекен-жайларын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат;  

3) акциялар немесе пайлар құнының өсуi немесе төмендеуi, инвестициялаудың бұрынғы нәтижелерiнiң болашақта табыстарды айқындамайтыны, инвестицияның инвестициялық қорлардағы табыстылығына мемлекеттiң кепiлдiк бермейтiнi туралы нұсқау, сондай-ақ инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алардың алдында акционерлiк инвестициялық қордың жарғысымен, оның акциялар шығару проспектiсiмен және инвестициялық декларациясымен, инвестициялық пай қорының ережелерiмен танысу қажеттiгі туралы ескерту болуға тиiс.  

3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат дәйектемесiз немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:  

1) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы табыстылығына, соның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген кепiлдiктер;  

2) үш жылдан астам уақыт бұрын өтiп кеткен өзге оқиғаға немесе уақыт кезеңiне қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдеулер;  

3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң табыстылығы мен құнының нақты есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстырулар;  

4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне және аталған инвестицияларға байланысты ықтимал табыстар немесе шығындар мөлшерiнiң тұрақтылығына кепiлдiк беретiн болашақ инвестициялар туралы мәлiмдеулер;  

5) басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттiк органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асырып көрсетiлген немесе расталмаған мәлiмдеулер болмауға тиiс.  

4. Акционерлiк инвестициялық қор, басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұны үшiн, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ оны уақтылы таратпағаны немесе жарияламағаны үшiн жауапты болады.  

5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер басқарушы компанияның интернет-ресурсын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.

  Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...43 44 45 46 47 48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 45-бап Инвестициялық қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576