Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi



Ст. 24 Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723




1. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi сенiм бiлдiрілген адам ұйымдастыратын кепiлге қойылған мүлiкке сауда-саттық өткiзу арқылы жүргiзiледi.

2. Сенiм бiлдiрiлген адамды тараптар ипотека шартында айқындайды. Егер сенiм бiлдiрілген адам ипотека шартында айқындалмаса, оны кепiл ұстаушы тағайындайды.

3. Кепiл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға:

1) жылжымайтын мүлiк ипотекасына басқа адамның немесе органның келiсiмi талап етілген және осындай келiсiм алынбаған;

2) қоғам үшiн елеулi тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;

3) ортақ меншiктегi және оның меншiк иелерiнiң қайсыбiрi кепiл ұстаушының талабын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға жазбаша келiсiм бермеген жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;

4) жеке тұлға болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл ұстаушының ипотекалық шарт тіркелген жердегі орган тіркеген және осы Заңның 26-бабының 7-1) тармақшасында белгіленген мерзімде берілген кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті өткізуді соттан тыс тәртіппен жүргізуден жазбаша түрде бас тартуы болған;

5) жеке тұлға микроқаржы ұйымымен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың нысанасы болып табылған жағдайларда жол берiлмейдi.

Аталған жағдайларда кепiлге қойылған мүлiкті өндiрiп алу тек сот шешiмiмен ғана жүргiзiледi.

Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723